Қолданбаны құрылғыдан жою

Қолданбаны ұялы құрылғыдан жою үшін:

  1. Ұялы құрылғыларды басқару қалтасындағы консоль шежіресінен Ұялы құрылғылар салынған қалтасын таңдаңыз.

    Қалтаның жұмыс аймағында басқарылатын ұялы құрылғылардың тізімі көрсетіледі.

  2. Жұмыс аймағында, iOS MDM құрылғыларын iOS MDM басқару протоколы бойынша сүзгілеңіз.
  3. Қолданбасын жою қажет пайдаланушының ұялы құрылғысын таңдаңыз.

    Бірнеше ұялы құрылғыны таңдап, олардан қолданбаны бір уақытта жоя аласыз.

  4. Ұялы құрылғының контекстік мәзірінде Пәрмендер журналын көрсету тармағын таңдаңыз.
  5. Ұялы құрылғыларды басқаруға арналған пәрмендер терезесінде Қолданбаны жою бөліміне өтіп, Пәрмен жіберу түймесін басыңыз.

    Сондай-ақ, сіз ұялы құрылғының контекстік мәзірінен Барлық пәрмендер тармағын, содан соң Бағдарламаны жою тармағын таңдау арқылы пәрменді ұялы құрылғыға жібере аласыз.

    Нәтижесінде, қолданбалар тізімі бар Қосымшалар жойылуда терезесі ашылады.

  6. Тізімнен ұялы құрылғыдан жою қажет қолданбаны таңдаңыз. Бірнеше қолданбаны таңдап, құрылғыдан бір уақытта жоя аласыз. Қолданбалар ауқымын таңдау үшін SHIFT пәрменін қолданыңыз. Жекелеген қолданбаларды бір топқа біріктіру үшін CTRL пәрменін қолданыңыз.
  7. Пәрменді ұялы құрылғыға жіберу үшін OK түймесін басыңыз.

    Пәрменді орындау нәтижесінде таңдалған қосымша пайдаланушының ұялы құрылғысынан жойылады. Пәрмен сәтті орындалған жағдайда, пәрменнің ағымдағы күйі Аяқталды мәніне ие болады.

    Қайтадан жіберу түймесі бойынша пәрменді пайдаланушының ұялы құрылғысына тағы да бір рет жіберуге болады.

    Пәрмен әлі орындалмаған болса, Кезектен жою түймесі арқылы, жіберілген пәрменнің орындалуын болдырмауға болады.

    Пәрмендер журналы блогында ұялы құрылғыға жіберілген пәрмендер және осы пәрмендерді орындау күйлері көрсетіледі. Жаңарту түймесі арқылы пәрмендер тізімін жаңарта аласыз.

  8. Ұялы құрылғыларды басқаруға арналған пәрмендер терезесін жабу үшін OK түймесін басыңыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Ұялы құрылғыларды басқаруды орналастыру

Басына оралу